• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бизнес 11 Шілде, 2022

Бизнес-жәрмеңке өтті

281 рет
көрсетілді

Қостанайдағы жастар сарайында «Kostanay business show 2022» атты республикалық бизнес-жәрмеңке өтті. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған екі күндік шараға Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген 100-ден астам кәсіпкер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шағын және орта биз­несті қолдау мақсатында өтіп жатқан дәстүрлі шара кә­сіп­­керлердің өзара тәжірибе ал­масуына, сондай-ақ сауда кеңіс­тігі мен қызмет көрсету аясын кеңей­туіне мүмкіндік бере­ді. Со­нымен қатар аталған биз­нес жәрмеңке аймақаралық бай­­ла­ныстарды нығайтуға жол ашады.

– Бүгінгі бизнес-жәрмеңкенің ең басты мақсаты – кәсіпкерлерге өз өнімдерін көпшілікке жан-жақты таныс­тырып, турасын айтқанда на­сихаттауға мүм­кіндік беру. Іс-шараға қатысу­шылар бір-бірі­мен танысып, ортақ жобалар шығарса дей­міз. Сонымен қатар мұнда мем­лекеттік қол­­дау тетіктерін іске асыратын қаржы ұйымдары мен тиіс­ті мекемелерді де шақы­рып отырмыз, – дейді іс-шара­ны ұйымдастырушы «Жас Ата­мекен» клубының жетекшісі Зарина Көкжанова.

Жәрмеңке барысында тәуел­сіз қазылар алқасы «Өнді­ріс», «Сауда», «Қолөнер», «Қыз­мет көрсету» және «Тағам өнді­ріс­і» бағыттары бойынша 5 жеңім­пазды анықтады. Сонымен қатар шараны тамашалауға кел­ген қала тұрғындарының дауыс беруі арқылы «Халық таң­дауына» ие болған жеңімпаз анық­талды.

 

Қостанай облысы