• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2022

Жамбыл облысында бюджет қаражатынан 171 млн теңге ұрланды

452 рет
көрсетілді

ҚР ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жас маман» жобасы аясында бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Бұл жобаның мақсаты - сұранысқа ие 100 мамандық бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар