Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы криминогендік жағдайды баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бір апта ішінде елімізде 3 092 қылмыс жасалды, оның 1 909-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 29 тонау және 508 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», деді министрлік баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап ел бойынша 16 тергеу изоляторын медициналық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өткен.