• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Шілде, 2022

МӘМС: Астаналықтар 5,6 млрд теңгеден аса жарна аударды

183 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері, яғни 2022 жылдың қаңтар-мау­сым айлары аралығында міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру үшін елордалықтар 30,9 млрд теңге жарна аударған. Ал осы жылдың маусым айын­да астана халқынан 5,6 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен.

Жалпы, 2017 жылдың 1 шіл­десі мен 2022 жылдың 30 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қала­сы бойынша медициналық сақ­тандыру үшін жинақталған жарна 131,5 млрд теңгені құрай­ды. Маусым айында 5,6 млрд тең­ге­ден аса жарна түсті. Оның 3,2 млрд теңгеден астамы – жұмыс беру­шілердің, ал 2,4 млрд теңге – жеке кәсіпкерлердің аударымдары.

Ал 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында меди­ци­налық сақтандыру үшін елорда­лықтар 30,9 млрд теңге жарна аударған. Оның 17,2 млрд теңгеге жуығы – жұмыс берушілердің аударымдары, ал 11,4 млрд теңге – жеке кәсіпкерлерден түскен жарна. 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 13 506 бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілерден түскен МӘМС жарналары 65,3 млн тең­геге жуық соманы құрай­ды, ал осы жыл­дың маусым айында 8 150 БЖТ төлеушілерден 10,9 млн теңгеге жуық жарна түскен.

«Міндетті әлеуметтік ме­ди­­ци­­налық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударым­дары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген меди­циналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүр­гізіледі», деді «Әлеуметтік меди­ц­и­налық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, saqtandyrybot телеграмботы, 1406 байланыс орталығы, Қордың fms.kz сайты арқылы Қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шаралар қабылдайды.