• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2022

Азаматтық авиация академиясына барды

241 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Динар Нөкетаева Алматы қаласына жұмыс сапары кезінде депутаттардың назар аударуын талап ететін мәселелер аясында оқу орындарының жұмысымен танысу мақсатында Азаматтық авиация академиясына барды.

Кездесу барысында сенаторға жоғары оқу орындарының жұмысы мен даму жоспары таныстырылды. Парламент мү­шесі сонымен қатар Қазақ ұлттық аграр­лық зерттеу университетінде де болды. ҚазҰАЗУ ғалымдары университет зерт­теу­шілерінің ауыл шаруашылығы және орман ресурстары саласындағы соңғы ғы­лыми жаңалықтары туралы айтып берді.

Сенатор жоғары оқу орындарының жұмысымен және сөз алушылардың таныстыру тұрғысындағы баяндамаларымен танысты және университеттің аграрлық ғылымды дамыту мен еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне білікті кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

 

Алматы