Пәкістанның Карачи қаласында ірі су тасқыны орын алды. Апат салдарынан 147 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Пәкістанда жаңбырлы маусым шілде айының ортасына дейін жалғасады деп күтілуде.
Синоптиктердің болжамынша биылғы жауын-шашын мөлшері екі есе көп болады.
Қазіргі уақытта Пәкістанның Карачи қаласындағы жағдай өте күрделі. Қаланың аудандары, тұрғын үйлер мен көліктер су астына кеткен.