• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2022

Биыл әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді - БҰҰ

390 рет
көрсетілді

2022 жылдың 15 қарашасына қарай әлем тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жақындайды. Ал 2023 жылы Үндістан әлемдегі ең көп қоныстанған ел болады. Мұндай болжам БҰҰ есебінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1950 жылдан бастап әлем халқы баяу қарқынмен өсіп келе жатқаны байқалды. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес, планета тұрғындарының саны:

2030 жылы - 8,5 млрд адамға; 2050 жылы - 9,7 млрд адамға; 2080 жылы - 10,4 млрд адамға жетеді.

Бұл көрсеткіш шамамен 20 жыл бойы өзгеріссіз қалады.