• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 12 Шілде, 2022

Алтынның бағасы төмендеді

261 рет
көрсетілді

12 шілдеде алтынның құны троя унциясы үшін 1730 доллардан төмендеді. Бұған сауда-саттық деректері дәлел, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 10:45-тегі жағдай бойынша Нью-Йорк Comex биржасында алтынға тамыз фьючерстерінің бағасы 4,4 долларға немесе 0,25%-ға, троя унциясы үшін 1727,3 долларға дейін төмендеді.

Бұған дейін сауда-саттық барысында көрсеткіш ең төменгі 1721,65 долларға жеткен болатын. Бұл 2021 жылдың тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қыркүйек айындағы күміс фьючерстері 0,93%-ға арзандап, бір унция үшін 18,955 долларды құраған.

Әлемдік нарық АҚШ-тан маңызды деректерді күтуде. Сәрсенбіде маусым айында елдегі инфляция статистикасы жарияланады. Сарапшылардың пікірінше, жылдық инфляция бір ай бұрын 8,6%-дан кейін 8,8%-ды құрады, бұл 1981 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа рекорд болуы мүмкін.

Жоғары инфляция АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату қажеттілігі туралы сигнал бола алады.