Қызылорда облысында сұйық зат тиелген шетелдік жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқи ю
Қызылорда облысында сұйық зат тиелген шетелдік жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға бүгін, 12 шілдеде сағат 7:53-те «Самара-Шымкент» тас жолының Арал ауданында болды. Жергілікті 112 құтқару қызметіне жол бойында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
«Аталған шақырту бойынша №3 өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына аттанды. Барлау жұмыстарының нәтижесінде тас жолдың 1311 шақырымында Түркиядан Қырғызстан астанасы Бішкекке бара жатқан фураның тіркемесіндегі сұйық зат толық жанып жатқаны анықталды. Көлік жүргізушісі аман. Өрт 9:25-те толық сөндірілді», деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы анықталып, шығын мөлшері есептеліп жатыр.