• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2022

Қорғаныс министрлігі өтемақы төлеудің жаңа нұсқасын бекітеді

192 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігі Әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нормативтік құқықтық акт мұрагерлер мен әскери қызметшілердің өздері құжаттарды қабылдау, жинақтау және біржолғы өтемақы алу тәртібін реттейді. Онда жергілікті әскери басқару органдарының, сондай-ақ әскери қызметшілер қызмет өткерген әскери бөлімдер мен бөлімшелердің іс-қимыл алгоритмі белгіленген.

Аталған нұсқаулық ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін болады. Құжат жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылғы 26 шілдеге дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14149493