• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2022

Израильде тағы 11 адамнан маймыл шешегі анықталды

398 рет
көрсетілді

Израильдің денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін жұқтырған 11 жаңа жағдайдың тіркелгенін хабарлады, науқастардың жалпы саны 66 адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдегі дәрі-дәрмектерден басқа, Израиль вирусқа қарсы үшінші буын вакциналарын сатып ала бастады. Даниялық Bavarian Nordic өндірушісінен 2 мың доза вакцина жеткізілмек. Билік тұрғындарды тері бөртпесі, безгек, бас және бұлшықет ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау, шаршау сияқты белгілер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 39 елде маймыл шешегінің 1,6 мың расталған және 1,5 мың расталмаған жағдайы тіркелген, 72 адам қайтыс болған.