15-23 шілде аралығында Мысыр елінің астанасы – Каирде семсерлесуден әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қазақстанның намысын 15 спортшы қорғайды.
Еліміздің ұлттық құрамасының бапкерлері аталған додада мына семсерлесушілерге сенім артты: Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай (шпага, ерлер), София Николайчук (шпага, әйелдер), Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Мұхамедәлі Рахманәлі, Жанат Нәбиев (шпага, ерлер), Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Татьяна Приходько (шпага, әйелдер).
Естеріңізге сала кетейік, семсерлесуден соңғы әлем чемпионаты 2019 жылы Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өтті. Бұл жарыстың жалпыкомандалық есебінде Ресей құрамасы озды. Олар 3 алтын, 3 күміс және 1 қола медальді олжалады. Екінші және үшінші орындарды Франция (2+32+0) мен Оңтүстік Корея (2+0+2) иеленді.