• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ аумағы инфрақұрылымын жандандыру керек

216 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 сәуір. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жүргізген «Еуразиялық одақ идеясынан – еуразиялық интеграцияның жаңа перспективаларына» атты дәрісінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағының инфрақұрылымы жалпықұрлықта  жетекші орында болуы тиіс деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығына тоқтала келіп, біртұтас еуразиялық телекоммуникациялар желісін құру, Минск – Мәскеу – Астана – Алматы бағыты бойынша жүрдек темір жол магистралын салу, қазіргі бар, әсіресе, батыста – еуропалық, шығыста –қытайлық көлік жүйелеріне шығатын автомобиль және темір жолдар желісін жаңғырту, сондай-ақ, «Еуразия» арнасының «Каспий-Қара теңіз» жобасын жүзеге асыру қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, Президент: «Келісілген және біркелкі тарифтер бойынша бүкіл ұлттық экономикаларды газбен қамтамасыз ететін Бірегей ішкі газ тасымалдау желісін құрудың болашақ еуразиялық экономиканың беріктігі үшін маңызы зор. Энергетика кешенін терең интеграциялаудың жол картасы ретінде бірлескен «Еуразиялық энергетика» бағдарламасын әзірлеп, қабылдау қажет. Сондай-ақ, Ресеймен бірлесіп, бізде АЭС салуға тиіспіз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Vesti.ru.