• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2022

Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмексіз қалуы мүмкін

200 рет
көрсетілді

Медициналық ұйымдар халыққа тегін қызмет көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмекті сатып ала алмай жүр. Оған веб-порталдың жұмыс істемеуі себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» ҰКП-ге сілтеме жасап.

Мамыр айында Үкімет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуды реттейтін қағидаларға енгізілетін өзгерістерді қабылдады. Құжаттың жаңа редакциясында дәстүрлі тәсілмен сатып алу процедураларын өткізу мүмкіндігі толығымен алынып тасталды. Енді ауруханалар белгілі бір дәрі-дәрмек «СК-Фармация» бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алынатын препараттар тізіміне енбесе де, оларды электронды тәсілмен ғана сатып алуы тиіс.

«Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы, басқарма мүшесі Нұрлан Сақуовтың айтуынша, сатып алуды электронды форматқа ауыстыру – қисынды әрі болжамды процесс. Алайда, сатып алудың электронды платформасын толығымен жолға қоймай жатып, дәстүрлі сатып алуды алып тастау арқылы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды да, медициналық заттар мен техниканы жеткізушілерді де тығырыққа тіреді.

«Медициналық қызметтерді көрсетуге қажетті барлық препарат пен медициналық бұйымдардың барлығы «СК-Фармация» арқылы сатыла бермейді. Ауруханалар дәрі-дәрмектің көптеген аталымын іздеп, сатып алады. Қазіргі кезде порталдың дайын болмауы салдарынан өнімнің осы түрлерін сатып алу толығымен тоқтап тұр. Фармацевтикалық өнімдердің өндірушілері мен жеткізушілері порталға кіре алмай отыр. Осыдан пациенттер – қатардағы қазақстандықтар зардап шегіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың мүддесін ойлауы тиіс», деді Нұрлан Сақуов.

«Атамекен» ҰКП мамандары осы мәселе бойынша бизнес өкілдеріммен бірқатар кездесу өткізген. Денсаулық сақтау министрі атына портал жұмысы жолға қойылғанға дейін бұрынғы нормаларды қайтару қажеттігіне қатысты хат жолданған.