• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ғылым 13 Шілде, 2022

Жастарды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қосу керек – Дидар Смағұлов

330 рет
көрсетілді

Зеренді ауылында өтіп жатқан «Жастар Рухының» кезектен тыс VI Съезінде жастармен кездескен Дидар Смағұлов еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, онымен тиімді күрес жүргізу мәселесін назарға алды, деп жазады Egemen.kz.

«Негізгі мақсатымыз – жастарды жаппай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қосу. Бүгінде жастар қанатының атауы «Жастар Рухы» болып өзгерді. Жаңа Қазақстанды құру жұмысы басталды. Жаңа көзқарас, тың серпін пайда болды. Ендігі міндетіміз, осы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастардың назарын аудару, олардың мүмкіндігін тиімді пайдалану болып отыр. Осы күні жегі құртқа айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңдылық тұрғыда мол мүмкіндігі бар. Алайда бұл іске жастар қауымын көптеп тарта бермейміз. Сондықтан, «Jas Talks» ашық диалог алаңында атқарып жатқан жұмысымызды мысал ретінде келтіріп, өскелең ұрпақтың қызығушылығын оята алдық. Қоғам белсенділерінің де қолынан көп іс келетінін, одан тиімді нәтиже шығатынын түсіндірдік»», деді Д.Смағұлов.

Өз кезегінде, жас азаматтар жасөспірімдер спортын дамыту, ЖОО-да өндірістік тәжірибені жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау және тағы да басқа мәселелер жөнінде сұрақ қойып, ұсынысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Съездің пленарлық отырысы барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы жаңарды. Сондай-ақ жастар ұйымының атауы «Жастар рухы» болып өзгерді.