Будапештте әлемнің бірқатар белді теннисшілерінің басын қосқан WTA турнирі басталды. Бұл жарыстың жүлде қоры 203 024 еуроны құрайды.
Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 43-орында тұрған Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуін Анна Шмидловаға қарсы өткізді. Үздіктер тізімінде 76 сатыға жайғасқан 27 жастағы словакиялық жерлесімізге лайықты қарсылық көрсете алмады. Есеп – 6:4, 6:1. Бүгін Юлия жұптық сайыстағы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері бразилиялық Лаура Пигоссимен шеберлік байқасады. Ол да 27 жаста. Оңтүстік Америкадан келген спортшы алғашқы айналымда швециялық Ребекка Петерсоннан айласын асырды. Бұл күндері Пигосси WTA рейтингінде 125-орынды еншілеуде.