Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 1104 науқас тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында - 328, Алматы қаласында - 350, Шымкент қаласында – 102, Ақмола облысында – 14, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында - 88, Атырау облысында - 18, Шығыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 11, Қарағанды облысында - 58, Қостанай облысында - 15, Қызылорда облысында - 16, Маңғыстау облысында - 12, Павлодар облысында - 10, Солтүстік Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында - 9 адам індет жұқтырған.
«Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 312 294-ке жетті», делінген комиссия ақпаратында.
Сондай-ақ, 334 науқас қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Нұр-Сұлтан қаласында - 69, Алматы қаласында - 230, Алматы облысында - 14, Қарағанды облысында - 17, Қостанай облысында - 3, Түркістан облысында 1 адам емделіп шықты.