• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Шілде, 2022

Алматыда дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындағандар анықталды

166 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті мамандары ірі көлемде «Септохим» маркалы контрафактілік дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау және сату дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жедел іздестіру шаралары барысында аталған өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленді.

Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік «Септохим» маркалы дезинфекциялық заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20 млн теңгеден асады», деп жазды ведомстводан.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.