• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 14 Шілде, 2022

Балабақшаларда қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді

242 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар жұмыс істемейтін балабақшаларға қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілігі жоқтығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қоғам талабына сай емес», деді Президент.

Сондай-ақ ол 2011 жылы балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібі тоқтатылғанын және мемлекет бұл қадамға амалсыздан барғанын айтты.

«Өйткені, мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен барынша қамтуымыз керек болды. Бұл ретте, жеке сектордың әлеуетін пайдалану маңызды еді. Нәтижесінде 2 және 6 жас аралығындағы балалардың 88 пайыздан астамы балабақшамен қамтылды.

Енді қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деді Мемлекет басшысы.