• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Шілде, 2022

Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі артты

725 рет
көрсетілді

Биыл түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, көптеген кәсіпорындарда өнеркәсіпті модернизациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жаңа жобалар іске қосылуда.

«Мәселен, «Алтыналмас АК» АҚ компаниясы Жамбыл облысындағы «Ақбақай» алтын кен орнының өндірістік алаңдарында модернизация жүзеге асыруда. Осыған орай кен барлау жұмыстарында пайдаланылатын құрал-жабдықтар жаңартылып, диірмен құрылысы аяқталды және қажетті техникалар сатып алынды. Сондай-ақ «Цифрлық кен орны» жобасын өндіріске енгізу аясында SCADA қашықтан басқару бағдарламасы қолданылмақ», дейді ИИДМ министрлігі.

Сонымен қатар Фаза-2 алтын алу фабрикасын іске қосу да көзделіп отырғанын айтты. Аталған кәсіпорын алтын рудаларын қайта өңдеуді жылына 1,2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Сәйкесінше, жылына алтын өндірісі көлемі 13 пайызға артатын болады.

«Алтыналмас» компаниясы қоршаған ортаны қорғауға да өз үлесін қосуда. Кәсіпорын баламалы қуат көздері арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтып, ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуда. Кәсіпорынға тиесілі Қарағанды облысындағы кен орындарында күн сәулесі арқылы қуат алатын арнайы бағандар орнатылды. Олар бір бірінен жарты шақырым қашықтықта орналасқан. Жалпы аумағы 10,85 шақырымды құрайды», делінген хабарламада.

Ал отандық RG Gold алтын өндіру компаниясы қуаттылығы жылына 5 млн тонна руда өндіруге қауқарлы жаңа тау-кен кешенін ашпақ. Қазіргі таңда құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Кешен биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Осы ретте айта кетерлігі, кешен құрылысында экологиялық нормаларға басымдық беріліп, халықаралық заңнама талаптары сақталған.

Мамандардың айтуынша, Райгородок кен орнындағы өндіріс қуаттылығының артуы оған жақын елді мекен тұрғындарының әл-ауқатының артуына ықпалын тигізетін болады. Кәсіпорынға қажетті мамандар мен жұмысшыларды тартуда жергілікті тұрғындарға басымдық беріледі. Компания олардың кәсіби біліктілігін жетілдіріп, өндіріс ошағында әрі қарай жұмыс істеуге қолдау көрсетеді.