• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Шілде, 2022

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

141 рет
көрсетілді

15 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер болжамына сәйкес, күндіз 15-16 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігінде 35-37 градус аптап ыстық болады деп болжануда. Жезқазған қаласында күндіз 15-16 шілдеде 35 градус ыстық күтіледі.

Күндіз 15-16 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

15 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстік-шығысында күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қаласында түнде 15 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі.

15 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 40 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде, облыс орталығы – Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус аптап ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 15 шілдеде күндіз 36-38 градус аптап ыстық болуы ықтимал.

15 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, орталығында екпіні 16 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде, орталығында 40 градус ыстық. Ақтөбе қаласында 15 шілдеде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Күндіз 35-37 градус ыстық болуы ықтимал.

15 шілдеде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

15 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, орталығыңда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Павлодар қаласында 15 шілдеде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 18 м/с.

15 шілдеде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градусқа дейін ыстық күтіледі, оңтүстігінде 40 градус ыстық. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Қостанай қаласында күндіз 15 шілдеде найзағай ойнайды деп болжануда. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35 градус ыстық болады.