• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Шілде, 2022

Нұр-Сұлтанда әуежайға дейін қатынайтын түнгі автобустар іске қосылады

198 рет
көрсетілді

Елорданың халықаралық әуежайының уақытша түнгі жұмыс режиміне көшуіне байланысты қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін түнгі уақытта автобус маршруттарын іске қосу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап.

«15 шілдеден 8 тамызға дейін Нұр-Сұлтан қаласында әуежайға қоғамдық көліктің түнгі рейстері қатынайды. Мұндай шешім астаналық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша ауысуына байланысты қабылданды», делінген хабарламада.

Жолаушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету №10 бағдармен жүргізіледі. №10 бағдардың түнгі рейстерінің әуежайдан шығу уақыты: 23:18, 00:29, 01:59, 02:59. Маршруттың күндізгі қозғалыс кестесі өзгеріссіз қалады.