• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Шілде, 2022

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың адам қатысты

283 рет
көрсетілді

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға биыл 284 мың адам қатысып, 233,3 мың азамат жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 5,6 мың адам жіберілді. Сондай-ақ өз кәсібін бастауға ниеттенген 1,5 мың адамға мемлекеттік грант берілді.

«Субсидияланатын жұмыс орындарына 102 мың адам орналасты. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен - 12,1 мың, жастар практикасымен - 9,7 мың, қоғамдық жұмыстармен - 77,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында - 1,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында - 182 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 816 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 34 мыңнан астам адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті», делінген ведомство хабарында.