• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Шілде, 2022

Коронавирустан қайтыс болғандар тіркелген жоқ – министр

202 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі эпидемиялық ахуал жайында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейген. Кейінгі аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 2,5 есеге өскен.

«Еліміз бойынша коронавирусқа қарсы медициналық көмекті сыйымдылығы 3282 төсектік 139 жұқпалы аурулар ауруханасы көрсетеді. Бүгін 570 науқас стационар жағдайында ем қабылдап жатыр. Науқастардың 58,3%-ы – ересектер. Олардың 40%-ында қосымша аурулар бар. Аурудың көбеюіне қарамастан ауруханаға түскен науқастар аз. Науқастардың 41,7%-ы – балалар, ал бір жасқа дейінгі балалар – 23. Жалпы республика бойынша 180 бала ем алып жатыр», деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, індет жұқтырғандардың 90%-ында инфекция жеңіл түрде өтеді. Өлім-жітім дерегі тіркелген жоқ.