• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Шілде, 2022

Алматының Түрксіб ауданында уақытша ыстық су болмайды

294 рет
көрсетілді

Алматының Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«18 шілде мен 22 шілде аралығында Түрсіб ауданындағы Сейфуллин – Дулатов – Терехин – Ақан Сері және Сүйінбай – Папанин – Ереванская – Стальской көшелерінің шегіне орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды», делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің қазандықтарды жоспарлы жөндеуіне байланысты енгізіледі.