Батыс Қазақстан облысындағы жалпы орта білім беру және спорт мектептері мен мәдениет үйіне қазақтың танымал тұлғаларының есімі беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сырым аудандық «Балалар музыка мектебіне» Амангелді Ғұбайдуллиннің, Орал қаласындағы №46 орта мектебіне Бауыржан Момышұлының, №47 мектебіне Қадыр Мырза Әлінің, Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Асқар Шайхиевтің, Қаратөбе аудандық мәдениет үйіне Ғарифолла Құрманғалиевтің, Қаратөбе аудандық мектеп-гимназиясына Қажым Жұмалиевтің есімі берілсін», делінген қаулыда.
Үкімет қаулысы «Ашық» НҚА сайтында көпшілік талқылауға шығарылды.