Атырау қаласында аттракционның әткеншегі үзіліп, балалар жерге құлады. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай 16 шілдеде, шамамен 22:30-да болған. Ата-аналар балаларды аттракционға отырғызған, бірақ әткеншектер бірден тоқтап, құлаған.
«Балалар жеңіл жарақат алды. Алдымен оларды жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына апарып, кейін үйлеріне қайтарды», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Атырау облысы бойынша ПД баспасөз қызметі ҚК-нің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.