• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Шілде, 2022

«Қазфосфат» басшылығына қатысты тергеу басталды

167 рет
көрсетілді

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануын анықтау мақсатында монополияға қарсы орган мұнай-газ, фармацевтика, көлік-логистика және экономиканың басқа да секторларында талдау жұмыстарын жүргізе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында айтылды.

«Талдау нәтижелері бойынша 140 млрд теңгеге заңсыз монополиялық кіріс алу фактілері анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Мәселен, биылғы шілдеде Жамбыл облысы Экономикалық тергеу департаменті 697 млн теңге сомасына монополиялық табыс алуына байланысты (ҚР ҚК-нің 221-бабы бойынша) «Қазфосфат» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», делінген хабарламада.

Айта кетсек, комиссия құрамына құқық қорғау, арнаулы және бірқатар орталық атқарушы органдардың, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның бірінші басшылары кіреді.

Соңғы жаңалықтар