• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2022

Жаз басталғалы орман өрті өршіп тұр

463 рет
көрсетілді

Жаз басталғалы елімізде 394 орман өрті және 22 дала өрті тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қаупі кезеңі басталғалы 394 орман өрті және 22 дала өрті тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 34 мың 785 гектарға жетті. Әсіресе елді мекендердегі құрғақ шөп өрті ерекше алаңдаушылық туғызады, оның жалыны тұрғын үйлерге жетуі мүмкін», деді Н. Дербісов

Оның айтуынша, 20 маусым күні Қарағанды облысында найзағайдан дала өрті тұтанған. Оған екпінді жел қосылып, 45 гектардан астам жер өртенген және оны сөндіру кезінде бір адам жараланып, бір адам қаза тапты.

«Сондай-ақ 14 шілде күні Атырау облысында дала өрті салдарынан жүздеген қой қырылды. Қазіргі уақытта нақты шығын мен өлген малдың саны анықталып жатыр. Орман және дала өртінің көпшілігі 100 шақырым радиуста ТЖМ бөлімшелері жоқ шалғай аумақтарда тұтанады», деді ол.