• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 18 Шілде, 2022

STADA Health Report-2022: Ел медицинасына сенім басым

154 рет
көрсетілді

STADA фармацевтикалық компаниясы 15 елде өткізілген STADA Health Report-2022 төртінші халықаралық зерттеудің нәтижелерін Қазақстанда ұсынды. Зерттеудің тақырыбы – коронавирустан кейінгі кезеңде адамдардың өз денсаулығына қамқорлығы.

Кейінгі сегіз жыл ішінде STADA жыл сайын Еуропаның әртүрлі елдеріндегі адамдардың денсаулығына қатысты мәселелерді қарастыратын кеңейтілген Health Report шығарады. Биыл есепке алғаш рет Қазақстан қосылды. Осы жылдар ішінде STADA Health Report денсаулық сақтау саласындағы ең беделді және ауқымды еуропалық зерттеулердің бірі болды. Зерттеу қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандарға, журналистерге және қарапайым азаматтарға жаһандық және жергілікті бөлімдерде адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасы қалай өзгеретінін, өз елінің денсаулық сақтау жүйесін қалай бағалайтынын, осы салада қандай жаңа тенденциялар мен мәселелер пайда болатынын көруге көмектеседі. Биыл зерттеуге 30 мыңнан аса адам қатысты.

«STADA фармацевтикалық компаниясы Қазақстанда 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. IQVIA деректері бойынша, 2021 жылдың қорытындысына сәйкес біздің компания Consumer Healthсare (рецептурасыз құралдар, витаминдер, ББҚ) сегментінде нарықта екінші орын алады. Біз нарықтағы жетекші ұстанымдарымызды мақтан тұтып қана қоймай, сондай-ақ саланы дамыту және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға үлес қосу үшін өз жауапкершілігімізді сезінеміз. Бүгін біз STADA Health Report төртінші ауқымды зерттеуінің нәтижелерімен ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін бөлісеміз, осылайша өз миссиямызды – адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауды ұста­на­мыз», деді ТМД елдері бо­йынша STADA директоры Арминас Мацевичус.

Төменде STADA Health Report 2022 зерттеуінің кейбір деректері келтірілген. Мысалы, қазақстандықтардың басым бөлігі ресми медицинаға сенеді. Екі пандемиялық жыл ішінде ақ халатты адамдар көптеген адамның өмірін сақтап қалды және қоғам оны байқамай қалмады. Сауалдамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 61%-ы ресми медицинаға, яғни емхана­лар мен стационарларда көрсетілетін қыз­меттерге сенеді. Ресми медицинаға сенетін Қазақстан тұрғындарының 35%-ы ғаламтордағы ақпаратты қайта тексереді. Респонденттердің тағы 17%-ы емдеудің балама әдістерін (мысалы, гомеопатия және акупунктура) білгісі келетіндерін мойындады. Сонымен қатар 47% қазақстандықтар денсаулық мәселесінде ғалымдарға сенім артады.

Бұл зерттеулер Қазақстандықтардың денсаулық мәселесінде көбіне ғалымдарға сенім артатынын көрсетеді, бұл көрсеткіш 47%-ға жетті. Екінші орында – терапевттер (41%). Сенім арту деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне эпидемиологтер де (40%) кірді. Ал Қазақстандағы респонденттердің әрбір үштен бірі фармацевтерге сенеді. Еуропалықтар ғалымдарды рейтингте екінші орынға ауыстырған (61%) жалпы тәжірибелік дәрігерлерге (65%) көбірек сенім артады. Үшінші орынға 60% көрсеткішпен басқа медицина қызметкерлері (терапевт дәрігерден басқа), аурухана қызметкерлері және кіші медицина қызметкерлері шықты. Фармацевтердің ақпаратына еуропалықтардың 57%-ы сенеді.

Кейінгі екі жыл ішінде әлемнің барлық елдің денсаулық сақтау жүйелері үлкен жүк­темеге тап болды. Қазақстандық рес­понденттердің 58%-ы және сұралған еуро­палықтардың 57%-ы пандемия ке­зін­де емделуде қиындықтарға тап бол­ға­нын атап өткені таңғаларлық емес. Қазақстандықтардың 30%-ы (Еуропа бо­йынша орташа көрсеткіш 22%) дәрі­гер­ге дер кезінде жазыла алмады. Қазақ­стан­дық­тардың 28%-ы жеткізудегі іркілістерге байланысты дәріханада қажетті дәрі-дәрмектерді таба алмағанын нақтылады (Еуропа бойынша орташа көрсеткіш – 10%). Қазақстан тұрғындарының 12%-ы­ және Еуропа тұрғындарының 22%-ы ауруды жұқтырып алудан қорқып, дә­рі­гер­ге баруды кейінге қалдырды немесе тоқтатты. Қазақстандықтардың тағы 16%-ы қаржылық қиындықтарға байланысты дәрі-дәрмек сатып ала алмады, ал сауалдамаға қатысушы еуропалықтардың ондайы тек 6% болды. Пандемия кезінде адамдар арасындағы қашықтан байланыс қарқынды дамыды. Телемедицина жаһандық трендке айналуда. Мұны STADA Health Report зерттеуінің нәтижелері де растап отыр. Дәлірек айтсақ, Қазақстан тұрғындарының үштен екісі (68%) дәрігердің күрделі емес немесе қайталанған аурулар кезінде web-интерфейс арқылы оларға консультация беруіне мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш орташа еуропалық көрсеткіштен (64%) асып түсті.