19 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 9 737 адам коронавирус инфекциясынан (–9 633+ және 104 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтерінше, олардың ішінде 962 пациент стационарда, 8 775 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 20 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.