Қазақстандық зілтемірші Ерасыл Омаров жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Федерация мәліметінше, 55 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы үшінші болды.
«Бірінші жаттығуда Ерасыл барлық үш тәсілді қолданып, 104 келі салмақта тоқтады. Алайда «серпе» көтеру кезінде біздің спортшы салмақты тек үшінші әрекеттен жеңді», делінген хабарламада.
Алғашқы екі орынды Вьетнамнан келген К Дуонг (113+143) пен Дуонг Туан (112+136) жеңіп алды.
«45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александра Беленко өнер көрсетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша біздің спортшы 132 (58+74) келі көтеріп, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында бесінші және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтыншы болды», делінген Ауыр атлетика федерациясының хабарламасында.