• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Шілде, 2022

eGov mobile-да деректерді тіркеу жеңілдеді

190 рет
көрсетілді

Енді eGov mobile-да тек биометриялық деректер арқылы тіркелуге болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Енді eGov mobile-да тек биометриялық деректер арқылы тіркелуге болады. Бұрынғыдай смс хабарлама күтудің қажеті жоқ және пайдаланушылардың деректерінде қауіпсіздік сақталады. Қазір eGov mobile - бұл өте ыңғайлы қосымша және халыққа қызмет көрсету орталықтарында алатын қызметтерді осы жерден жылдам алуға болады. Атап айтқанда, 400 мемлекеттік қызмет және жеке тұлғаларға арналған e-license қызметтері, жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін қоса алғанда, 18 сандық құжат бар», деп жазды Б.Мусин.

Бұдан соң, министр биометриялық деректер арқылы қалай тіркелуге болатынын айтты.

«Digital ID жүйесі арқылы алдын ала бейне-сәйкестендіруден өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу қажет. Өзім арнайы кіріп көрдім, 2-3 минут уақытымды алды. Қазір әріптестеріміз қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді телефоннан жылдам алуға көмектесетін мүмкіндіктерді іске асыру бағытында тиісті жұмыстар атқаруда», деп жазды ол.