• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2022

Қонаевта есірткі зертханасы анықталды

249 рет
көрсетілді

Қонаев қаласының маңында синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан күдіктілер анықталды. Тінту барысында үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті ұсталғандардың бірі Алматы қаласының, қалған екеуі Іле ауданының тұрғыны екенін хабарлады. Олар Қонаев қаласынан бес шақырым жерде қоршалған аумақта ешкім тұрмайтын екі үйде жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған.

Аталған жерде мефедрон өндіретін арнайы қондырғылар орнатылғаны анықталды. Тексеру барысында көптеген пластикалық ыдыс пен ұнтақ тәрізді зат және арнайы өлшегіш құралдар табылды.

Табылған заттар арасынан 52,82 грамм ұнтақтың зертханалық тексеру барысында мефедрон екені анықталды. Сондай-ақ 2 тоннаға жуық химиялық сұйықтық тәркіленді.

«ҚР ҚК 297 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі қамауға алынып, қалған екеуінен міндетті келу туралы қолхат алынды», делінген ведомство ақпаратында.