Қазақстанда 20 шілдедегі мәлімет бойынша, 10 983 адам коронавирус инфекциясынан (–10 866+ және 117 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше , олардың ішінде 977 пациент стационарда, 10 006 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
18 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.