• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Шілде, 2022

Вашингтонда маймыл шешегі өршіп тұр

178 рет
көрсетілді

Колумбия округінің денсаулық сақтау министрлігі мамыр айынан бері маймыл шешегі вирусын жұқтырудың 122 жағдайы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Breitbart News сайтына сілтеме жасап.

Вашингтонда маймыл шешегі ауруына шалдыққандардың 96%-ы ер адамдар, көп жағдайда бұл 30 жастан асқан ер адамдар.

Осы уақытқа дейін Колумбия округі маймыл шешегі вирусына қарсы 8300 вакцина алды. Келесі аптада тағы 4 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарлануда. Вашингтон мэрі Мюриэль Баузер округке 100 мың вакцина қажет екенін айтты.

Ауруларды қадағалау және алдын алу орталықтарының мәліметінше, АҚШ-та вирус жұқтырудың 1 972 жағдайы тіркелген. Елде жан басына шаққандағы инфекциялар саны бойынша Колумбия штаты көш бастап тұр. 18 шілдедегі жағдай бойынша, тіркелген жағдайлардың ең көп саны Нью-Йоркте (521), Калифорнияда (267), Флоридада (180) және Иллинойста (200) болды.

Бүгінге дейін маймыл шешегі әлемнің 60-тан астам елінде анықталған.