• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2022

Газ құю бекетін тонаған түркістандық тұрғын ұсталды

146 рет
көрсетілді

Газ құю бекетін тонаған түркістандық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолындағы газ құю бекетінде жұмыс істейтін арызданушыны таңғы сағат 04:30 шамасында өзіне таныс емес жас жігіт тонап кеткен. Яғни, Mercedes-Benz W124 көлігінің жүргізушісі газ құюға арналған екі құрылғысын ашықтан-ашық тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеуге алынды. Хабарлама алысымен орын алған қылмысты ашып, күдіктіні анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты.

Учаскелік полиция инспекторлары іздестіруге атсалысты. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәлардан сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Жан-жақты, жүйелі жүргізілген шаралар нәтижесінде, тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды.

Полицияға жеткізілген Түркістан қаласының тұрғыны өз кінәсін мойындады.