• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Шілде, 2022

Ет бағасы тағы да қымбаттайды

1009 рет
көрсетілді

Еліміздегі ет одағының болжауына сүйенсек, еттің бағасы тағы да қымбаттамақ, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгінде сиыр етінің бір келісінің өзі 4 мың теңгеден сатылады. Енді бұл баға да одан әрі жоғарылап кетуі мүмкін.

Қазақстан әлем бойынша ет тұтынудан 49-шы орында тұр.

Сарапшылардың айтуынша, делдалдар еттің бағасын көтермелеп жіберетіндіктен қымбатқа шығады. Тіпті кейде үстінен 50%-ға дейін қосады. Мұның кесірінен қарапайым сатушылар етті үстеме бағамен сатуға мәжбүр болады.

Күзде арпаның бағасы өсіп, ірі ет инвесторлары тапшы болады деген болжам бар. Сарапшылардың сөзінше, мұның барлығы алдағы уақытта шығынның өсуіне әкеледі.

«Біз Қазақстанды сиыр етімен толық қамтамасыз ете аламыз. Импорт та келіп жатқандықтан бағаға әсер етеді», деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.

Оның айтуынша, егер мемлекет жем-шөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамаса, баға төмендемейді.

Ажар Лаубаева