• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 21 Шілде, 2022

Тоқаев қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалық офисін құруды ұсынды

254 рет
көрсетілді

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалық офисін құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қырғызстанның 2022 жылды Халықаралық тұрақты тау-кен даму жылы деп жариялау туралы бастамасын құптаймыз. Сонымен қатар Тәжікстанның 2025 жылды Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы деп жариялау туралы ұсынысын уақытылы деп санаймыз. Күш-жігерімізді біріктіргенде ғана Орталық Азиядағы климаттың өзгеру салдарын еңсеруге болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда ол бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру үшін Орталық Азия елдерінің қоршаған ортаны қорғау және өңірде климаттың өзгеруі жөніндегі келісілген саясатты жүргізу жөніндегі жобалық офисін құруды ұсынды.