Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылордаға синтетикалық есірткі заттарын тасымалдап жүрген алматылықты ұстады.
Сараптама қорытындысы әйелден заттай дәлелдеме ретінде алынған заттың жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын «Мефедрон» препараты екендігін анықтады.
Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталып, 20 жастағы күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.
Қызылорда