Қазақстанда 872 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласында - 180, Алматы қаласында - 568, Алматы облысында - 30, Жетісу облысында - 13, Шығыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында – 33, Қарағанды облысында - 18, Ұлытау облысында - 6, Қостанай облысында - 6, Павлодар облысында - 5, Түркістан облысында - 1 адам сырқатынан айыққан.
Елімізде барлығы 1 298 633 адам коронавирустан жазылып шықты.