• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Шілде, 2022

Үндістан тарихында екінші рет әйел президент болып сайланды

724 рет
көрсетілді

Үндістанның 15-інші президенті болып Ұлттық-демократиялық альянсынан кандидат, 64 жастағы Драупади Мурму сайланды деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігі сілтеме жасап.

Драупади Мурму – Үндістан президенттігіне сайланып отырған екінші әйел. Елді басқарған алғашқы әйел Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Сондай-ақ Д. Мурму «азат елде», яғни британдықтардан тәуелсіз болғаннан кейін дүниеге келген Үндістанның тұңғыш президенті болмақ. Ол 1958 жылы дүниеге келген. Джаркханд штатының экс-губернаторы.

Драупади Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.

Парламент журналистерге ұсынған соңғы мәліметке сәйкес, саналған дауыстардың жалпы саны 3219 (жалпы құны 838 839). Оның ішінде Драупади Мурму 2161 дауысқа ие болды (жалпы құны 577 777). Ал оның бәсекелесі – оппозиционер Яшвант Синха – 1 058 дауыс жинады (құны 261 062). Дауыстарды есептеу жүйесіне сәйкес, әрбір сайлаушы дауысының «құны» әртүрлі болады. Ол штат халқының санына байланысты.