Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу сотында күдіктіге тағайындалған бұлтартпау шарасын ұзарту бойынша сот отырысы өтті. Оған сәйкес, ҚР Ұлттық мұражайдың бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тергеу соты Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 26 тамызға дейін созу жөнінде шешім қабылдады», деген жауап берілді қалалық соттың баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 29 мамырда Ұлттық мұражай директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдік тағылды.