• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Мамыр, 2026

Павлодар облысында жер сілкінді

Павлодар облысында жер сілкінісі тіркеліп, тұрғындар жер асты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 26 мамырда Астана уақытымен 11:28-де сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеген. Эпицентр Павлодар облысы аумағында, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы маңында орналасқан.

Министрліктің дерегінше, жер сілкінісінің сезілу күші MSK-64 шкаласы бойынша 2 баллды құраған.

Дегенмен әлеуметтік желілерде тұрғындар дүмпулердің айтарлықтай сезілгенін айтып, үйлерде жиһаздардың қозғалғанын, ыдыстардың құлағанын жазды.

Жапонияда жер сілкінді: Дүмпулер қайталануы мүмкін

Қазір ресми органдар жағдайды нақтылап жатқанын жеткізді. Сондай-ақ жағдайды үйлестіру және бақылау мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы департаменті базасында жедел штаб құрылған.

Еске сала кетейік, 3 мамырда сағат 09:50-де Каспий теңізінде жер сілкінген болатын.

Соңғы жаңалықтар