• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2022

Түркістан облысында күн ыстығынан автобан бетоны көтеріліп кетті

204 рет
көрсетілді

Түркістан облысында автобан бетоны күннің ыстығынан көтеріліп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Окиға кеше болған. Желіде тараған видеолардан жолдағы бетонның көтеріліп, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатқанын көруге болады.

«Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының Түркістан қаласы Темірлан ауданы маңындағы бөлігінде (2234 км) ауа температурасының жоғарылауына байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны қопсып кетті», делінген Qazavtojol Turkestan мекемесінің Facebook парақшасында шыққан ақпаратта.

«ШымкентДорстрой ӨК» ЖШС мердігерлік ұйымы ақауды жою жұмысын жүргізді. Оған Экскаватор, асфальт таптағыш машина, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған.