Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2054 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті.
Кейінгі тәулікте ауырғандардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 806, Алматы қаласында - 532, Шымкент қаласында – 46, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында - 83, Жетісу облысында - 84, Атырау облысында - 61, Шығыс Қазақстан облысында - 6, Абай облысында - 26, Жамбыл облысында - 76, Батыс Қазақстан облысында - 20, Қарағанды облысында - 130, Қостанай облысында - 11, Қызылорда облысында - 36, Маңғыстау облысында - 14, Павлодар облысында - 28, Солтүстік Қазақстан облысында - 8, Түркістан облысында 11 тұрғын сырқаттанды», - деп жазды комиссиядан. Ал осы күні 1083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 341, Алматы қаласында - 490, Алматы облысында - 50, Жетісу облысында - 3, Атырау облысында - 15, Шығыс Қазақстан облысында - 26, Абай облысында - 11, Жамбыл облысында – 25, Қарағанды облысында - 59, Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты.
Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, қатарға қосылды.