• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2022

Қостанайда 11 мектепке тарихи тұлғалардың есімі беріледі

338 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы 4 мектепке Абайдың, ал 3 білім ордасына Әлихан Бөкейханның есімі берілмек. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қостанай қаласындағы №27 мектепке, Рудный қаласындағы №18 мектебіне, Жітіқара ауданындағы №3 мектеп-лицейіне және Лисаков қаласындағы жалпы білім беретін №3 мектебіне Абайдың есімі берілсін. Ал, Қостанай қаласының №29 мектебі, Арқалық қаласындағы Родина мектебі және Рудныйдағы №2 Қашар мектебі Әлихан Бөкейханның атымен аталсын. Сонмен қатар, Рудный қалалық № 19 мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының, ал №15 мектебіне Міржақып Дулатұлының есімі берілсін. Қарасу ауданындағы қазақ тілінде білім беретін мектеп Ыбырай Алтынсаринның есімімен аталсын. Сондай-ақ Амангелді ауданындағы Н. Крупская атындағы негізгі білім беретін мектепке Жұматай Сабыржанұлының аты берілсін», деп көрсетілген қаулыда.