• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2022

Қызылордада 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

421 рет
көрсетілді

Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған. Қалалық жағажайда шомылып жүрген жасөспірім суға батып кеткен.

«Хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түскен бойда оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты. Баланың қаладағы мектептің бірінде тоғызыншы сынып бітіргені анықталды», деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.