Шымкенттегі Қазиев және Шынар көшелерінің қиылысынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Абай аудандық полиция басқармасының 102 телефонына хабар түскен.
«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелді. Мәйітке сот-медициналық сараптама тайғайындалды. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде, 2005 жылы туған азамат күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда», делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.