• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2022

Қызметкерінен ірі көлемде пара алған басшы ұсталды

533 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Сарыағаш ауданының тұрғынын қолға түсірді.

«Нақтырақ айтсақ, Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. Арызда көрсетілгендей, мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның жұмыста қалу мүмкіндігі үшін үлкен көлемде ақша талап еткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-тің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді», деп мәлімдеді ведомстводан.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді.

Жүйелі, жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде, жедел уәкілдер Келес ауданы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Яғни, күдікті жәбірленушіден миллион теңге алған кезде қолға түсті. Тінту кезінде полицейлер ұсталған тұрғыннан заттай дәлел ретінде ақша тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.